«Бақытты болуды үйреніңіз! 2 Бөлім» kitobidan iqtiboslar

сіз ішкі шындықты өзгертпей сыртқы шындықты өзгерте алмайсыз.

Өз-өзімен сөйлесетін жалғыз жаратылыс ол адам. Əлем, ғалам үшін сіздің əрбір ойыңыз – сөз, ал əрбір сөзіңіз – заң. Ой дегеніміз ол сіз ғана еститін ішкі сөздер.

Ақиқатын білмей, туралықты табу мүмкін емес. Ақиқат дегеніміз Құдай сөзі, ғылыми дәлелдер мен имани (рухани-адамгершілік) түсінік, барлық жаратылыстың сыртқы емес ішкі формасы, терең мәні.

Өмір (дүние) атты ойында "Өмір (Жаратушы) заңдылықтарын" білмеу ақымақтық пен надандықтан. Ақиқат нағыз бостандық береді, еркіндік сыйлайды, сондықтан Жаратушының жаратқан барлық табиғат (дүниелік) ж/е ғайып (ақырет) заңдылықтарына бағыну керекпіз.

Жалпы ойланудың өзі екіге бөлінеді: "дұрыс" (Ақиқатқа сүйенген) және "бұрыс" (өз шындығына сүйенген).

Адамның əрқайсысы өмір деп аталатын пьессаны, сценарийді үйлесімді, əуезді, қуанышпен ойнай алады, бірақ бұл үшін сіз өмір ережелерін, заңдылықтарын біліп, ойын техникасын игеруіңіз керек.

Сізді көлеңкеге кім айдап апарды? Қараңғыда сізді кім қалдырды? Шындық мынада, біз өзімізді қараңғылықта, надандықтың қараңғы түнегінде өмір сүруге мəжбүр етіп жатамыз.

Өмір заңдылықтарын білмей жəне өзөзіңіңізді түсінбей, сіз өз өміріңізді ақиқат қалауы бойынша жасай алмайсыз.

сенім біздің күнделікті сөйлеп жүрген (өзімізбен/өзгемен) сөздерімізге байланысты!

Физика ғылымының барлық заңдары мен ережелерін білмеуіңіз мүмкін. Бірақ оған бағыну, бағынбау сіздің таңдау еркіңізде емес. Жаратушының заңдылықтары да дәл солай