Kitobdan sitatalar «Банктік тəуекелдер жəне оны басқару»
Тәуекелден бас тарту немесе қашу – тәуекел деңгейі өте жоғары немесе шығыннан қашып құтылу мүмкін болмайтын жағдайларда бірденбір алтьернативті тиімді жолдың біреуі. Тәуекелді өз мойнына алу деп пайда болған шығынды банк өз қаражаты есебінен жабуын айтамыз. Бұл әдіс пайда болған шығындар көлемі жоғары болмаған жағдайда және пайда болатын шығындардың арасындағы интервалының алшақтығы кезінде қолданылады. Тәуекелдің алдын алу – мүмкін болатын тәуекелдерді алдын ала шаралар қолдану арқылы төмендету немесе жою жолдарын іздестіру. Бұл басқару түрі тәуекел деңгейі жоғары болған жағдайда соны азайтуға бағытталады, бірақ азайтуға бағытталған нақты шаралардан ауытқулар болмауы қажет. Сақтандыру – банк тәуекелін төмендету, мүмкін болатын шығындардың орнын толтыру үшін жауапкершілікті сақтандыру компаниясына беру. Көп жағдайларда банктер несие бойынша тәуекелдерді сақтандырып қояды.
Sotuvda yo'q
Janrlar va teglar
Yosh cheklamasi:
0+Litresda chiqarilgan sana:
30 oktyabr 2017Yozilgan sana:
2013Hajm:
143 Sahifa 39 illyustratsiayalarISBN:
978-601-04-0018-4Mualliflik huquqi egasi:
КазНУ