Kitobni o'qish: «Еңлік – Кебек»

Shrift:

ЕҢЛІК – КЕБЕК

ШƏКƏРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ
(1858–1931)

Бұл əңгіме – 1780 жылы шамасында осы Шыңғыс тауында Матай мен Тобықты арасында болған іс. Шариғатта əкесінің атастырғаны жас қызға неке есепті десе де, өзге дүниелік пайдасын ойламай, жалғыз ғана қызының қамын ойлап берер дегені. Əйтпесе «жас баланы сатып, пайдаланып, кем-кетікке беріп обалына қал» демейді. Мен соны ойлап, Еңлік–Кебекті соншалық жазалы демеймін.

 
Өткен адам болады көзден таса,
Өлді-өшті, оны ешкім ойламаса.
Ол кетсе де белгісі жоғалмайды,
Керектісін ескеріп, ұмытпаса.
 
 
Ақыл деген – денеге егулі дəн,
Суғарылса кіреді оған да жан.
Ақылдың өсіп-өніп зораймағы –
Көрген, білген нəрседен ғибрат алған.
 
 
Есітіп, біліп, көз көріп, ойға салмақ,
Өткен істен адамзат бір үлгі алмақ.
Қызықпақ, не жек көрмек, жиіркенбек,
Бастан кешкен əр істен белгі қалмақ.
 
 
Ақылдың кей іс жауы, кей іс досы,
Бұл екі істен болмайды өмір босы.
Досыңды жау, дұшпанды дос көрсетіп,
Көзді байлап нəпсінің қылғаны осы.
 
* * *
 
Қалмақ жеңіп, қазақтан алған кегін
Қалқаман қиссасында жазып едім.
«Мың жеті жүз жиырма үшінші жыл
Ақтабан шұбырынды болды» – дедім.
 
 
Сырдан қалмақ қуған соң біздің елді,
Күні-түні шұбырып Шуға келді.
Табан тиіп жүре алмай, халі құрып,
Сұлап жатты айнала Саумал көлді.
 
 
Сонда Шақшақ Жəнібек сөз сөйлепті:
«Балалар! Осы жолды ұмытпа, – депті,
«Ақтабан шұбырынды» – мұның аты,
Құдай қосса, алармыз біз де кекті!»
 
 
Сол жерде тамам қазақ жыласыпты,
Құдайдан «артын бер» деп сұрасыпты.
Тыныққан соң қалмақтан кек алуға,
Сөз байлап уағдамен ұнасыпты.
 
 
Арғындар сол көшкеннен көше берді,
Батырлары жер шалып, қоныс көрді.
Есіл, Нұра, Сарысу, Қарқаралы,
Шалқар көл, Ұлытаудан алды жерді.
 
 
Орнығып қалың арғын сонда қалды,
Жеті момын олардан өте салды.
Ор, Елек, Ойыл, Қиыл қыстамақ боп,
Жаз жайлауға Мұғаджар тауын алды.
 
 
Кіші жүз өте көшті Орал жаққа,
Əбілқайыр хан еді мінген таққа.
Мың жеті жүз отыз бір шамасында
Орысқа уағда берген қарамаққа.
 
 
Соны естіп Жеті момын қайта ауыпты,
Орыстан көреміз деп бір қауіпті.
Мұғаджардың күншығыс жағына өтіп,
Ырғыз, Торғай дейтұғын жер тауыпты.
 
 
Сол жерде жайлап, қыстап жатып алды,
Қалмақтан барымталап жиды малды.
Ұлы жүзде үлкен хан Əбілмəмбет
«Қалмақпен соғысам» деп хабар салды.
 
 
Орта жүзден де аттанды Сəмеке хан,
Үш жүзден жиылыпты бірталай жан.
Шеп құрып қара-қарсы соғысқанда,
Қазақ жеңіп, қалмақтан кегін алған.
 
 
Сол соғыс – хан Абылай келген кезі,
Қалмақтың сыбағасын берген кезі.
Керек болса оқыңдар шежіремнен,
Жазылған сонда анықтап түгел сөзі.
 
 
Сонан кейін қалмақты қазақ қуған,
Жиылып шаба берді ойдан, қырдан.
Тарбағатай, Шыңғыстың жан-жағында
Көшпелі көп қалмақ бар бұрын тұрған.
 
 
Қырылған соң қалмақтар жаман сасқан,
Нұржайсаң, Шəуешектен өте қашқан.
Ата қоныс – Арқаны босатып ап,
Қазақ келіп қалмақтың орнын басқан.
 
 
Қалмақты шабысуға Мамай келген,
Босап қалған Шыңғысты көзі көрген.
Барған соң Жеті момын жақсысына,
«Хан Шыңғыс босады» деп хабар берген.
 
 
Момынның жартысы айтқан «барамыз» деп,
«Ата қоныс Шыңғысты аламыз» деп.
Атығай, Қарауыл мен Бəсентиін
Көшпепті «біз осында қаламыз» деп.
 
 
Туысқанын қия алмай, «жүр, – деп, – сен де»,
Көп айтқан Кеңгірбай мен Қараменде.
Бос тұрған соң Шыңғысқа Матай қонған,
Біздің ел əне-міне деп жүргенде.
 
 
Тобықты, Қанжығалы көшкен сонда,
Өзге Момын көше алмай қалған онда.
«Шыңғысты Матай алды» дегенді естіп,
Қанжығалы қалыпты орта жолда.
 
 
Келгені Тобықтының осы маңға
Мың жеті жүз сексенге тақалғанда,
Елді бастап əкелген Мамай батыр
Орда, Көкен, Ащысу, Доғалаңға.
 
 
Əр топта да батыр бар некен-саяқ,
Сүйтсе де батыры көп Жуантаяқ.
Қырды алып, Бөктерге таласыпты,
Матай-Сатай дегенді тыңдамай-ақ.
 
 
Қабекең де өрлепті Шидің бойын,
Шөбі шүйгін жер ғой деп малға тойын.
Кейде жау боп Матаймен, кейде бітіп,
Есі-дерті – Шыңғыста, айтпайды ойын.
 
 
Қалқаман мен Мамырды жаздым бұрын,
Оқығандар, байқадың оның сырын.
Енді айтамын Еңлік пен Кебек сөзін,
Тағы сынап көріңіз мұның түрін.
 
* * *
 
Ту тіккен Тобықтының қос басшысы –
Жуантаяқ Тоқтамыс деген кісі.
Жамағайын жақыны сол кісінің
Бар екен Кебек деген бір інісі.
 
 
Ол Кебек мықты болған жас басынан,
Тоқаң да тастамайды өз қасынан.
«Жасы бала болса да, жаны отты» деп,
 
Yosh cheklamasi:
12+
Litresda chiqarilgan sana:
23 yanvar 2017
Hajm:
14 Sahifa 1 tasvir
Mualliflik huquqi egasi:
Public Domain
Yuklab olish formati: