bepul

Бақытты болуды үйреніңіз! 3 Бөлім

Matn
6
Izohlar
O`qilgan deb belgilash
Shrift:Aa dan kamroqАа dan ortiq

Сіздің әрбір сөзіңіз – сіздің кім екеніңіз

Сіз адамдармен қарым-қатынас жасауды білесіз бе? Сіз мінберге шығып, үлкен аудиторияға сөйлей аласыз ба демеймін. Мен сіздің әдеттегі күнделікті қарапайым қарым-қатынасыңызды сұрап тұрмын. Сіздің орныңызға жауап берейін. Әрине сөйлей аласыз, қарым-қатынас жасай аласыз. Сіздің айтқаныңыздың бәрі тыңдаушыларға әсер етеді. Сіз сөйлегенде басқаларға қандай әсер қалдырасыз? Егер сіз юморға бейім болсаңыз, онда адамдар күлетін шығар. Егер сіз ашуланшақ адам болсаңыз, сіз басқаларда қорқыныш пен ренішті оята аласыз. Егер сіз мейірімді және ізгі ниетте болсаңыз, мүмкін сізбен сөйлесуден кейін басқа адамдар жан дүниесінде жылулық сезінетін шығар. Егер сіз үнемі шағымданып жүрсеңіз, сіз басқа адамдарға өзіңіз туралы пікір білдіруге көмектесуіңіз мүмкін.

Сіздің әр сөзіңіз тыңдаушыға әсер етеді. Сіздің бұған сенетініңізге сенімдімін. Сіз, қарым-қатынас жасайтын барлық адамдар туралы ойлайсыз, және сіздің сөздеріңіздің әсері қаншалықты аз немесе үлкен болса да, сөздердің әсері бар екендігіне келісуіңіз керек. Мен бұл ойды кеңейткім келеді: сіздің айтқаныңыздың барлығын еститін бір ғана адам бар, ал бұл адам – сіз! Басқалар, сіз айтқандардың, бір бөлігін ғана естиді, бірақ сіз, әр сөзіңізді, өзіңіз ғана естисіз. Сондықтан сіз басқаларға қалай әсер етсеңіз де, бұл әсердің бір бөлігі ғана болады, барлық әсерді, сіздің айтқан сөздеріңізден – өзіңіз ғана аласыз. Ойланыңыз: сіздің сөздеріңіздің күші мен олардың сіздің өміріңізге әсері орасан зор.

Егер сіз табысты болғыңыз келсе, арзан уәде бермеңіз. Әйтпесе, сізді тыңдайтын адамдар ерте ме, кеш пе алданып қалғандай өзін сезінеді, ал сіздің сөздеріңіз, өтірік уәдеңіз сізге негативті әсер ететін болады. Егер сіз өзіңізді жақсы сезінбейтін болсаңыз, денсаулығыңыз туралы үнемі айтып, басқаларды мазаламаңыз. Сіз сөйлескендердің бәрі бұл соққының аз ғана бөлігін сезінеді, бірақ сіздің денеңіз сіз айтқаннан толық соққы алады. Біз қазірдің өзінде біздің сөздер адамдарға әсер ететініне келістік, сондықтан, егер сіз қаласаңыз, біреудің өмірін жақсы сөзбен жақсартуға болады. Егер сіз шын жүректен сөйлесеңіз, сіз өзіңіздің өміріңізді жақсартатындығыңыз сөзсіз, өйткені сіз айтқандарыңыздың барлығын қабылдайсыз. Осылайша сіз өз өміріңізді тыңдаушылардың өмірінен әлдеқайда пайдалырақ қалыптастырасыз. Сіз балаларыңызға, әріптестеріңізге немесе үйіңізге келген қонақтарға не айтсаңыз да, сіз бәріне әсер етесіз, бірақ сіз өзіңіз айтқан әрбір сөзден өз үлесіңізді аласыз.

Бұдан үлкен ақиқатты көре аласыз ба? Сіздің көмегіңізбен, өз сөздеріңіздің көмегімен, басқаларға әсер ету, сізді де өзгертеді. Сіз басқалармен қалай қарым-қатынаста болсаңыз, сізге де солай қарым-қатынас жасайтынын түсінесіз бе? Сіз өз өміріңізді қалыптастыру барысында, өміріңізге сөздің күшімен әсер етесіз, сондықтан әр сөзіңізді тыңдауды ұмытпаңыз. Себебі әрбір ішкі сөз, ол – ой. Ал сыртқы сөз ол – тіл.

Өмір дуэлінен жеңілмеңіз

Ғасырлар бұрын адамдар намыс мәселесін шешу үшін дуэль сайысын қолданған, ер адамның бетіндегі дуэльді тыртықтар (шрам), әйелдердің көз алдында оның сүйкімділігін арттыратын. Егер оның бетінде тыртықтар көп болса, ол адам әдемі болып саналды. 19 ғасырдың ұлы мемлекет қайраткері Бисмарк көрнекті дуэлист болды: ол кез келген мәселені дуэльмен шеше алатын. Бірде ол ғалым, профессор Вихровтың оны қорлағаны үшін қатты ашуланды. Бисмарк қатты ашуланып, профессорды дуэльге шақырды. Көрнекті ғалым бұған біраз таң қалды, өйткені егер ғалымдар дуэлист болса да, әдетте олар әскери мағынада емес. Бірақ Бисмарк Вихровты шақырған соң, профессорға қару таңдау ғана қалды. Келісілген күннің сұр таңы келіп, дуэлистер екі экипажбен (арба) келді, олардың секунданттары (жекпе-жекке шығушының серігі) мен дәрігерлері дуэль болатын жерге дейін жетті. Олар арбадан түсіп, дуэль алаңының ортасында кездесті. Бисмарк: «Қару таңдау сіздің еркіңізбен болды, сэр. Сіз нені таңдадыңыз?» деп сұрады. Профессор Вихров екі дәмді шырынды шұжық шығарды, және Бисмаркке ғалым болғандықтан, ол бұл шұжықтарды қару ретінде таңдағанын түсіндірді. Бірінші шұжық өлімге әкелетін микробтармен толтырылған, екіншісі жеуге жарамды. Профессор Бисмаркқа бұрылып: «Қаруыңды таңда, біз бүгіг бірге таңғы ас ішеміз» деді. Бисмарк екі шұжыққа қарады, олардың бірі ауыр өлімді білдіретінін түсінді, ашуланып бұрылып, қып-қызыл бетімен дуэль алаңын тастап, жеңілгенін мойындады. Мен бұл туралы ойласам әрқашан күлемін. Сосискалармен дуэль! Дуэль зорлық-зомбылықпен емес, өмір мен өлім арасындағы таңдауды ұсыну арқылы шешілді.

Бұл күні сізді де дуэльге шақырады. Бүгін сіз мың рет жекпе-жекке шығасыз, оның басым көпшілігі өзіңізбен. Бүгін сізде көптеген таңдау болады – не айту керек, не деп жауап беру керек, қалай әрекет ету керек және сіздің алдыңызда бағанағы екі шұжық болады: улы және зиянсыз. Сіздің ойларыңыз теріс және улы болуы мүмкін, сізді баяу ауру батпағына апаратын, жалғыздық пен кедейлікке батыратын, немесе олар мейірімді, позитивті, рух көтеретіндей болуы мүмкін, және сізді мәңгілік өмірге, махаббат пен бақытқа жетелейтін.

Сіз таңдау алдында тұрған сайын, бүгін не істеу керек және не айту керек т.б. – профессор Вихровты еске алыңыз және сол екі шұжық туралы ойланыңыз. Жақсылықты таңдаңыз, жақсылық туралы ойды таңдаңыз, қызғаныштан, ашуланудан, мойындамаудан, күмәнданудан, қорқыныш пен кінә сезімдерінен бас тартыңыз. Көңілді өмір, махаббат пен бақыт туралы ойланыңыз. Махаббат, көңілді өмір мен бақыт туралы сөздер айтыңыз – және мұның бәрі сіздің күніңіз бен өміріңізді толтырады.

Бақыт аралына барғыңыз келе ме?

Сіз бәрінен қашқыңыз келді ме? Сіз бәрінен бас тартқыңыз келді ме? Сіз алыс мұхиттағы оқшауланған бақыт аралы туралы армандадыңыз ба? Немесе күнделікті өмірдің барлық қиыншылықтарынан жасырынуға болатын тау үңгірі туралы армандадыңыз ба? Менің ойымша, біз бәріміз оны (бақыт аралын) қалайтын сияқтымыз. Қарама-қайшы қалаулар бізді үнемі іштей жейтін сияқты. Бір жағынан, біз сәттілік пен жетістіктердің орталығында болғымыз келеді, ал екінші жағынан – тыныштық пен жалғыздыққа шегінгіміз келеді. Мүмкін бұл біздің ішкі тепе-теңдік сезімін жоғалтқандықтан шығар? Әлде біз өзімізбен бірге ағып жатқан өмір өзеніне қарсы болып кеттік пе? Білесіз бе, біздің тәкаппарлығымыз және жұмысты кез келген жағдайда аяқтау қажеттілігі, біздің ақыл-ойымыз бен денсаулығымызға демалу мен сауығу қажеттілігін сезінгенше, аяусыз қинайды. Мерзімді түрде, біз күнделікті асығыс, күйбең тіршіліктен тынығуымыз керек. Ескі маятник сағаттарын көрдіңіз бе? Маятник жан-жаққа тербеледі, әр бағытта бірдей қашықтықта. Бұл оның тапсырманы жақсы орындауы үшін қажет және бұл біздің өмірімізге қажет тепе-теңдік. Біз өзімізді тым қатты итермелейміз, ақыл мен денеге демалуға және қалпына келуге уақыт бермейміз. Бізге ақыл-ой, рухани және физикалық тұрғыдан «зарядтауға» уақыт қажет. Бізге ішкі жан дүниемізбен бірге дамитын тепе-теңдік жағдайы қажет. Өзімізбен, шынайы болмысымызбен, бірнеше минут жалғыздық пен жан тыныштығы – біздің күшімізді, ерік-жігерімізді қалпына келтіреді.

Бақытты өмірге қол жеткізу үшін Америкаға барып білім алудың немесе Турциядан үй сатып алудың қажеті жоқ. Менің ойымша, егер сіз өзіңіздің ішіңізде тыныштық пен үйлесімге (баланс) қол жеткізе алмасаңыз, онда сіз қай жерде болсаңыз да бақытсыз боласыз.

Күнделікті күйбең тіршіліктің арқасында біз демалуға және өзімізге көңіл бөлуге уақыт жоқ деп ойлаймыз, бірақ егер біз сәтті, бақытты және табысты адамдар сияқты болғымыз келсе, уақыт табуымыз керек. Білесіз бе, біз өз-өзімізді толықтай қамтамасыз ете алатын жаратылыс емеспіз. Сондықтан біз әрдайым Жаратушыға тәуелдіміз. Өзімізден абсолютті жоғары «Шексіз Күш» пен шыдамдылықтың арқасында біз өз ойымызды ашық ұстауға үйрене аламыз – осылайша күнделікті жан-дүниеміз күйзелістен шығып ішкі тыныштыққа енеді. Бұл сізден соншалықты үлкен күш немесе көп уақыт талап етпейді. Бізге жай ғана ес жиып, жан мен тән арасындағы конфликтті шешіп, тепе-теңдікке, татулыққа қол жеткізу керек. Себебі жан құмары (десін/демесін) мен тән құмары (тамақ ішу, ұйықтау) әрдайым сіздің ішіңізде билік үшін таласады.

Бүгіннің өзінде сіз тығылатын тау үңгірін немесе жалған бақыт аралын таба аласыз. Есіңізде болсын: сізге қажет шын бақыт – сіздің ішіңізде. Ал оның кілті – нәпсі (жан + тән) тепе-теңдігін сақтау.

Бұзылып кетуіне жол бермеңіз

Сіз тоңазытқыштан жегіңіз келетін тамақты алып, оны қайта қыздырып, кенеттен басқа жерге біреу түскі асқа шақырып қалған жағдайда не істейсіз? Тағы қайтып тоңазытқышқа тағамды салуыңыз екіталай, сіз түскі астан бас тартып, тоңазытқыштан алған тамақты жейсіз, себебі сіз оны жылытып дайындап қойдыңыз, ал тамақты ысырап етіңіз келмейді. Менің ойымша, біз өз өміріміз туралы ойланған кезде де, бұл нәрселерді есте ұстауымыз керек.

Марк Твен бұл мәселені кішкене әзілмен өте анық және нақты айтқан, ол өзі осы туралы айтқанды ұнататын. Бір адам күнде күніне екі рет оның үйіне келеді екен, балық ұсынып, бірақ Марк Твен бас тартатын: «Жоқ рахмет, маған балық қажет емес». Біраз уақыттан кейін оған ой келеді, «бұл адамның табандылығы сыйға лайық» және ол әйеліне: «Мен одан балық сатып аламын» дейді. Ол ақыр соңында солай жасайды. Балық түскі асқа (ланч тайм) дайын болғанда, мүлде жеуге болмайтын болып шықты. Келесі күні саудагерді көрген Марк Твен оны шақырып алып: «Тыңдаңызшы, бұл балық жеуге жарамсыз болып шықты, ол бұзылып кеткен екен». «Мырза, мен кінәлі емеспін» деп саудагер жай ғана жауап берді. «Осы аптада мен сізге күнде келіп, күніне екі рет балық ұсындым және егер сіз уақытты созсаңыз, ол әрине бұзылады, бұзылмай тұрғанда сатып алу керек еді, бұл сіздің кінәңіз».

Бұл туралы ойланыңыз. Сіздің алдыңызда тек «бүгін» мен «қазір» бар: «күні бойы» деп аталатын мәңгілік бар, ол тоңазытқыштан шығарылды, қыздырылды және сіздің пайдалануыңыз үшін дайын, тек оны ысырап етпеңіз және бұзылуына жол бермеңіз. Сіз бұл күнді ертең де, келесі күні де өмір сүре алмайсыз, сіз оны бүгін ғана өмір сүре аласыз.

 

Сіз қай күнмен өмір сүрейін деп жатырсыз? Сіз ешқашан болмайтын бақытты уақытты асыға күтесіз бе? Сіз балық бұзылғанша күтесіз бе? Сіз бұл күнді нашар өткізесіз бе, әлде сіз: «Бұл Құдайдың баға жетпес сыйы – бүгінгі күн» деп айтасыз ба? Ал мен, балықты бүгін сатып аламын. Мен бұл күнді мүмкіндігінше толыққанды өмір сүремін. Мұндай сыйлықтан бас тартуға ешкімнің құқығы жоқ. Оны жылы жүрекпен, ашық оймен және ризашылықпен қабылдау керек.

Бұл күн, дәл осы күн – сіздің өміріңіздегі ең қымбат сыйлық және оның бұзылуына жол бермеңіз. Оны апатия, жеңіліс және жалғыздық сезімдерімен толтырмаңыз, керісінше өзіңіздегі ынта-жігерді (энтузиазмды) оятыңыз. Бұл күн сәттілікке, бақытқа, махаббатқа және қуанышқа толы болады деген ойды қабылдаңыз. Мұның бәрі тек «бүгін» – дер мен «қазір» – лер кезінде ғана бола алады. Бүгіннің босқа кетуіне жол бермеңіз: шынайы әлемге шығып, осы күні сәттілік, бақыт, махаббат пен қуаныш іздеңіз және табыңыз. Мұның бәрі бүгіннен басталуы керек. Себебі бүгінгі күнді ертең өмір сүре алмайсыз және бұл мүмкіндік енді қайталанбайды.

Сіздің өткеніңіз сізді құрастырды

Сіз бірдеңе құрастыруға тырысып көрдіңіз бе? Менің ойымша, біздің әрқайсымыз өмірімізде күн сайын бірдеңе құрастырамыз. Біз ояу кезімізде санамызды құрастырумен үнемі айналысамыз. Біз мінез-құлықтың, іс-әрекеттер мен реакциялардың структурасын құрастырамыз. Біз салып жатқан ғимаратты көруге де, естуге де тырыспаймыз, сондықтан көпшілігіміз оны байқамайтын шығармыз.

Соған қарамастан, бұл біздің бүкіл өміріміздегі ең іргелі және ауқымды әрекет – сана мен мінез-құлықты құрастыру. Біздің әрқайсымыз үнемі осымен айналысамыз, бұл туралы ойламасақ та. Минут сайын, сағат сайын, біз жақсылықты немесе жамандықты, сәттілік пен сәтсіздікті, бақыт пен бақытсыздықты құрастырамыз. Біз мұның бәрін санамызда жинақталған ойлардың (ішкі сөздердің) көмегімен құрамыз, сенім туралы түсініктер негізінде құрамыз, көріністер, оқиғалар мен әңгімелерді құрастырамыз және осының бәрін біздің санамыздың ішіндегі жасырын студияда репетиция жасаймыз.

Біздің санамыздың жасырын студиясында жүрген актерлер біздің өмірлік драмамызды сахналайды. Өмірлік драма сіздің санаңыздың студиясында қайталанады және сыртта не пайда болады – драмалық спектакль, сіз оны бейсаналық түрде күн сайын қайталап, сценарийді сіздің ойыңызға енгіздіңіз.

Сіз үнемі құрастыратын бұл ғимарат, сіздің «Мен» – іңізден басқа ештеңе емес, сіздің шынайы «Мен» – іңіз, бұл өмірдегі сіздің жеке басыңыз, сіздің адам ретіндегі өмірлік тарихыңыз, сіздің өзегіңіз.

Егер сіз тәжірибелі болсаңыз, ақылды болсаңыз, ақылға қонымды әрекет етсеңіз, онда сіздің қазіргі білгеніңіздің негізінде, сіз өміріңізді конструктивті түрде құрастыра аласыз. Сіз ойыңыздағы ақпаратқа байланысты жауапкершілікті сезіне бастайсыз. Сіз өз ойларыңыз бен көзқарастарға алаңдайсыз, олар сіздің өміріңіздің драмасын ойнайтын актерлер болып табылады.

Сіз пьеса қойғалы жатырсыз делік. Сіз далаға шығып кездейсоқ адамдарды жинамайсыз ғой. Сіз таба алатын ең қабілетті актерлерді таңдайсыз. Сіздің сана студияңызда да солай болсын. Жақсы рөлді ойнай алатын актерлерді жинаңыз – махаббат, мейірімділік, адалдық, батылдық пен даналық. Оларға студияңыздан орын беріңіз, себебі сіздің назарыңызды аударатын нәрсе сіздің тағдырыңызды шешеді. Сіздің ойларыңыз сіздің назарыңыз арқылы сіздің өміріңізді құрастырады.

Мақтау сиқыры

Сіз өмір жолында қандай адамдармен кездескіңіз келеді? Олар сізге бақыт қосатын бақытты адамдар бола ма немесе сіздің өміріңізді сұр түске бояуға тырысатын шаршаған, жабыққан және шарасыз адамдар бола ма? Сіз өміріңізді бақытты ететін және сізді шатыққа бөлейтін адамдармен қоршауға қуанышты болар ма едіңіз? Мұны орындаудың оңай жолы бар. Тек шынайы мақтау сөзі керек. Өтірік емес, терең және әділ мақтауды айтамын.

Маған бір адамның оқиғасы қатты ұнайды. Бұл он үш жастағы жасөспірім, итальяндық, Нью-Йоркте тұрды. Ол мұғалімдерден қатаң жаза алатын, себебі ол үнемі төбелесіп, тәртіпсіз болатын. Ол мұғалімдерге дөрекілік көрсетіп, қатаң жазаға тартыла берген сайын, оның мінез-құлқы одан сайын нашарлайтын.

Алтыншы сыныпта ол үндемейтін, шыдамды және ұстамды мұғаліммен кездесті. Бір күні үзіліс кезінде ол одан сабаққа кіруді сұрады. Ол өз орнына боғауыз сөздер айтып барып орындығына отырды да жанындағы баланы итеріп жіберді. Мұғалім үндемеді. Бірінші рет жазалану сезімін сезінбеген бала біртүрлі болып қалды. «Ал енді сабақты бастайық…". Сабақ біткеннен кейін мұғалім балаға таянып: «Мен сенің жақсы бала екеніңе сенімдімін, сондықтан, егер сен, бұдан былай жаман сөздер айтып, басқа балалардың мазасын алмайтын болсаң, мен сені, сабақ оқымай-ақ, өз пәнімнен беске қортамын, жарайды ма?». Бала не айтарын білмей қалады.

Келесі күні сабақта Мұғалім оған қарап, шынайы жылулықпен: «Бүгін сен таза көйлегімен қандай әдемісің» деді. Ол иығын көтеріп, тік отырды. Келесі күні ол мақтаған көйлегінің жағасы әбден тозған қара галстукпен байланған екен. Мұғалім галстукті бірден байқап, баланың тозған галстугын мақтады. Бір күннен кейін оның жыртылған аяқ киімдері жаңасына ауыстырылды, ал аяқ киімнің өзі жылтырап тұрды. Жаңа Мұғалім бұрынғы бұл балаға мұғалім болғандарға бұрылып: «Оны мақтаңыз, ол өзгереді. Тек оны мақтаңыз, егер де тіпті бағынбаса – алдаңыз» деді. Мен бұл оқиғаны оқығанда, «Мынау ең біртүрлі кеңестердің бірі екен» деп ойладым.

Бір қызығы ол өскеннен кейін, Гарвард университетінің ректоры болды. Мүмкін бұл баланың тағдыры басқаша болар ма еді, кедей болар ма еді, трущобаларды (қаланың кедей қараңғы шетін) немесе притонды (бұзық пен азғындардың жасырын ұясын) мекен етер ме еді, немесе одан да жаманы болар ма еді. Бірақ ол әйгілі академик болды, өйткені бір кездері мұғалім оны жай ғана сөзбен алдай салды және мақтау жаудырды.

«Шын Мақтау» сәулесінде бәрі гүлдейді және құлпырады. «Шын Мақтау» бұл өмірге ылғал береді, әйтпесе барлығымыздың жүрегіміз құрғап кетер еді. Ізі амалдарды мақтай отырып, сіз бұл дүниеде ізгіліктің құралы боласыз. Кездесетіндердің барлығына қараңыз, олардың еңбегін бағалаңыз және оларға құрмет көрсетіңіз. Шынайы мақтаудың қарапайым сөзі сіздің өміріңізбен байланыста болған адамның жеке басын толықтай өзгерте алады. Шын Мақтаңыз, өйткені сіз мұны істегенде, сіз Құдай разылығына бөленіп «Махаббат Рухы» ретінде әрекет етесіз.

Бауырлар, біз бұл дүниеге Құдайдың сүйіспеншілігінің құралы ретінде қызмет етуге шақырылдық. Бұл тағдырды орындаудың ең оңай жолы – жақсылыққа ұмтылу және оны мақтау, оған разы болу.

Барлығының көңілінен шығу мүмкін емес

Сіз кейде адамдарға ұнай алмағаныңыз үшін, көңілінен шыға алмағаныңыз үшін немесе басқа адамдарды қуанта алмайтындығыңыздан көңілсіз болдыңыз ба? Сіз өз өміріңізді басқа адамдарға көмектесуге және ұнауға жұмсағандай сезінесіз бе, ал оның орнына сіз тек қатаң сөгіс аласып, өз әрекеттеріңіздің жалған түсіндірмесін аласыз ба? Егер солай болса, онда мен сізбен Монтень – нің (қайта өрлеу дәуірінің француз жазушысы және философы), қысқаша сөйлемімен (сентенциясымен) бөлісуге рұқсат етіңіз: «Адамға өзі туралы еркін пікір айту үшін мықты құлақ қажет».

Біз қаншалықты мұқият және саналы болсақ та, әрқашан біздің әрекеттеріміз бен принциптерімізді қате түсіндіретін адам болады. Біреу ақшасын оңай шашып жатқанда, әрқашан ол адамды мот (ысырапшыл) немесе экстравагант (біртүрлі) деп ойлайтын адам болады. Керісінше, егер сіз өз қаражатыңызға ұқыпты қарасаңыз, біреу сізді сараң деп атайды. Сіздікінен гөрі либералды (еркін құқық) көзқарасы бар адам сізді инертті (артта қалған) және консервативті (прогресске қарсы) деп ұрсады. Егер оның көзқарасы сіздікінен гөрі консервативті болса, ол сізді үмітсіз либерал деп атайды. Тағы да, егер біреу біздің ұстанымымызға қарсы болса, біз ол адамды «қате түсінген» деп атаймыз. Шынымды айтсам, басқаларды өзімізге қарағанда жиі айыптауымыз.

Егер адам бірдеңе жасамаса, онда оны әрекетсіздік үшін айыптайды. Егер адам бірдеңе жасаса, онда оны осы әрекеті үшін айыптайды. Дәл сол адамдар әр уақытта біздің әрекеттеріміз үшін бізді мақтауы немесе бізге қарсы пікір білдіруі мүмкін. Біз басқаларды қуантуға тырысқанда, мынаны есте ұстауымыз керек: бірде-бір адам барлық адамдарға ұнай алмайды, көңілінен шыға алмайды, себебі адамның бәрі әртүрлі. Кез келген адам, соның ішінде мен, өмір бойы кем дегенде бір адамды, соның ішінде өзін шын бақытты қылғанына күмәнданамын. Мен сол себепті бақыт туралы кітаптарды жазудамын.

Сіз әрқашан өзіңізге ризасыз ба? Мен дауласуға дайынмын. Сіз қандай мақсатқа ұмтылсаңыз да, неге сіз басқа нәрсе жасамайсыз деп сұрайтын адам болады. Сондықтан, біз жасай алатын ең жақсы амал – ақылмен, жүрекпен өзімізді, өзгені, өмірді, Жаратушыны түсіну, шынайы ақиқатқа сүйенген сенімімізге сәйкес әрекет ету. Біз әрқашан қателесетінімізді мойындауға дайын болуымыз керек, бірақ басқалар біздің қателіктерімізді кешіреді деп үміттенеміз. Егер біз басқа адамдардан толеранттылық күтетін болсақ, онда біз өзіміз оларға төзімді болуымыз керек. Және де біз дана Монтеньдің «адамға өзі туралы еркін пікірді тыңдау үшін мықты құлағы қажет» деген сөзін әрқашан есте ұстауымыз керек. Егер сіздің жақыныңыз сіздің әрекеттеріңізге баға беруге тырысса, мына қарапайым сөздерді есте сақтаңыз: «Мен барлық адамдарға ұнай алмаймын». Егер сіз тобырдың ішінде «еруге» тырыссаңыз, барлық адамдар үшін шынайы «Мен» болуға ешқашан мүмкіндік жоқ.

Алға жүріңіз және өзіңіздің кім екеніңізді біліңіз, кейбір адамдар сізді міндетті түрде сынайтынын (критика) біліп, толық түсініңіз. Оларға дұға жасаңыз және қолыңыздан келгеннің бәрін жасай беріңіз. Егер сіз шынайы өмір сүрсеңіз, онда сіз әрқашан сынға түсесіз.