Kitobni o'qish: «Шаттық жыры»
Shrift:
Шаттық жыры
Шаттық жыр ағыл-тегіл, жаз қаламым,
Шат өмір шалқауыңа аз ба, жаным!
Байғұс-ау, баяғы күн есіңде ме,
Қорлықпен құлап қала жаздағаның?
Тұзың cop, еңбегің еш болған күнде,
От көңілім осындай боп мұздамадың.
Өлеңнің өнерінен өзен көрмей,
Шөліркеп, шұқанақгы қазбаладың.
Білімнің бұлағы аққан заманында
Жарай ма, жосылта жыр жазбағаным?
Халқымның қуанышы қиқулады,
Ер көңілім, енді қашан қозғаламын.
Елімнің екі туған ерке шалы —
Жамбыл да күйінде отыр бозбаланың.
Жан жаппай жақсы еңбекте жарысқанда,
Ұят-ау, осылардан озбағаным?
Алғанда халқым тауып күткен бақытын,
Қалайша қарыштамай күйбең қақтым?
Ақынның айқайы аспанды алмайтын ба,
Дауысы жарғанда жер біздің жақтың.
Байтақ ел, байсалды өлке – Қазақстан;
Біріміз – он бірінің ұлы одақтың.
Дәуірлеп, дәурен өрлеп тұрған елміз,
Азат боп түрмесінен қанды азаптың.
Janrlar va teglar
Yosh cheklamasi:
12+Litresda chiqarilgan sana:
20 yanvar 2017Hajm:
3 Sahifa 1 tasvirMualliflik huquqi egasi:
Public Domain